МӘДЕНИЕТ
Финляндиялықтар үшін 12 мамыр күнтізбедегі ерекше күндердің бірі
Өйткені бұл күні атақты финдік философ, жазушы, журналист және мемлекет қайраткері Йохан Вильгельм Снельман дүниеге келген. Ол Финляндия мәдениеті мен білім саласының дамуына айрықша үлес қосқан жандардардың бірі. Сол себепті финдіктер 12 мамыр мерекесін «Финляндия мәдениеті» күні деп атайды.
Снельман 1806 жылы Стокгольмде дүниеге келген. 1809 жылы Финляндия Ресейге қосылған кезде, Снельманның ата-анасы Кокколаға қоныс аударған. Осылайша ол мектепте ана тілі ретіне швед тілін оқыған.Дегенмен ол швед тілімен қоса, фин тілін де меңгерген. Снельман16 жасында, Дж.Л.Рунеберг пен Элиас Лёнротпен бір уақытта Туркудегі Корольдік академияда оқи бастайды. Сол уақытта, ондағы студенттер фин ұлты мен фин тіліне қызығушылық танытады.
А.И.Арвидсонның пікірінше, бір тілде сөйлейтін адамдарда «жан мен ойлардың ішкі байланысы болып, басқа сыртқы ассоциацияларға қарағанда күштірек» болады екен. Снелманның ойы Фин мемлекетін мықты мемлекетке айналдыру болатын. Осы мақсатта ол философиядан басқа теологияны, тарихты, грек және латын тілдерін оқыды. 1827 жылы Туркудегі өрттен кейін І Николай-дың бұйрығымен Академия Хельсинки қаласына ауыстырылды. Онда Снельман ерекше зейінділігін танытып, философия ғылымдарының кандидаттығын алды.
Ал 1835 жылы Гегельдің философиялық ілімдері бойынша диссертация жұмысын аяқтады. Хельсинки университетінде философия факультетінің ассистенті ретінде бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін, Снеллман Германияға аттанды. Сол жақта оның негізгі философиялық еңбектері жарық көрді: «Versuch einer speculativen Entwicklung der Idee der Persönlichkeit» («Тұлғаның саудагерлік қабілетін дамыту идеясы ») және« Läran om staten («Мемлекет туралы ілім»). Снельманның қоғам философиясында ұлт пен ұлттық сана ұғымдары басты орын алады. Оның пікірінше, тек бір ұлт пен оның мәдениеті бір ұлтты құра алады. Бұл білім беру жүйесін құрудың негізі ретінде біртұтас тілді қажет ететін еді.Өйткені ұлттың ойлауы оның жалпы тіліне негізделген болады.
Снельман мектеп жүйесін жетілдіріп, фин тілінің құқығы туралы жарлық қабылдауға қол жеткізді және Финляндия теміржолының алғашқы жобасын жасады. 1863 жылы 1 тамызда император тіл туралы жарлыққа қол қойды.Осылайша Снельман фин тілін ресми тілге айналдырды. Оның тағы бір маңызды жетістігі - ақша реформасы болды. Бұл реформа нәтижесінде, 1865 жылы Финляндия өзінің валютасы шығарды. Ол 2002 жылға дейін қолданылды. Осы еңбектері үшін фин халқы оған әлі күнге дейін ризашылық білдіреді.1955 жылдан бастап Дж.В.Снельманның бейнесі 10 000 маркалы банкноталарда болды. олар 1963 жылғы ақша реформасы нәтижесінде 100 маркалы банкнотқа айналды.
Снельман мересінің маңызды атрибутының бірі - Финляндияның мемлекеттік туы. Мереке күні сіз оны кез-келген жерде, кез-келген ғимараттан кездестіре аласыз. Дегемен бұл мереке күні барлық мекеме қызметкерлері әдеттегідей жұмыс істей береді. Сонда-ақ мектептер мен университеттерде мерекеге ерекше көңіл бөлінеді. Онда мереке қарсаңында әдеби байқаулар ұйымдастырылады. Жақында оның туғанына 200 жыл толуына орай мерейтойлық маркалар мен ескерткіш монеталар шығарылды.